Құрметті әріптестер!

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің, молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы сіздерді 2018 жылдың наурыз айының 30-31 жұлдызында Алматы қаласы, Төле би, 94  «Health Sciences» атты Бірінші Халықаралық Студенттік конгреске  қатысуға шақырамыз.

Біздің конгресстің негізгі мақсаты –  жас, жігерлі студенттерді, магистранттарды, докторанттарды біріктіру және әр түрлі саладағы ғалымдардың ойларымен сұхбаттасу, өзекті тақырыптарда пікір алмасу, сонымен қатар,   ғалымдардың озық білімдерімен және  жұмыстарымен таныстыру.

Конгресс бағдарламасы озат  ғалымдардың дәрістерін, негізгі баяндамаларын қосқанда, пленарлық отырыстар, мастер-класстар, тәжірибелік жұмыстардан, ауызша және стендік баяндамалардан, презентациялардан тұрады. Конгресс «Health Sciences» молекулалық биология және медицина бойынша жаңа талдауларға, зерттеулердегі жаңа ойлар мен қадамдармен танысуға және осы саладағы сарапшылармен  жұмыс жасауға мүмкіндік береді. АҚШ, Германия, Англия және біздің ғалымдар өздерінің жақын арада ашқан жаңалықтарын жəне жаңа, қызықты ғылыми мәліметтерін көрсетеді. Сонымен қатар, конгрессте  зерттеу дағдылары бойынша мастер-класстар мен басым мөлшерде  тәжірбиелік дағдылар бойынша семинарлар өткізіледі.

Конгресс негізінен молекулалық биология және медициналық генетика саласындағы  ғылыми зерттеуге деген қызығушылығы бар дәрігер-студенттер мен биологтарға арналады. Бұл оларды медицина саласында жаңа ойларға жетелеп, ынталандыруға және жылдам жетістіктерге жетуге, елімізде медицинаны дамытуда өз үлестерін қосуға ұмтылдырады.

Ғылыми баяндамалар төменде аталған секцияларда қарастырылады:

  • биомедицина
  • биотехнология
  • биофизика
  • биоинженерия
  • биоинформатика
  • молекулалықбиология
  • жасушалықбиология
  • медициналықгенетика
  • популяциялықгенетика
  • дамугенетикасы
  • биомаркерлер/ диагностика
  • молекулалық-генетикалық әдістер
  • жеке даралықмедицина
  • фармакогеномика
  • эпигеномика
  • гендіктерапия
  • наномедицина

ISCHS 2018 конгресске ұсынылған тезистер, баяндамалар, постерлі баяндамалар  білікті әділқазылар алқасының саралауымен бағаланады.

Бірінші кезеңде  тезистер іріктеліп,  ауызша баяндама түрінде ұсынылған жұмыстарға шақыру қағаздар жіберіледі. Барлығы 15 ауызша баяндама болады. Жұмыстар төмендегі  бағалау өлшемдері бойынша бағаланады. Ғылымилығы, жаңалығы, зерттеудің түпнұсқалығы,  маңыздылығы  ескеріледі.

Екінші кезеңде, конгресстің жабылу күні,  Конгрессте  жасалған баяндамалардан әділқазылар алқасы үш үздік  деген баяндамаларды  таңдап алып, марапаттайды. Ауызша баяндамаларды бағалау өлшемдері бірінші кезеңге қарағанда өзгеше. Бұл жерде берілген жұмыстың нақтылығы мен айқындылығы, материалдың  еркін   игерілуі, сұрақтарға нақты жауап берілуі, берілген реттілікті  сақтауы т.б. ескеріледі.

Үшінші кезеңде постерлік баяндамалар бағаланады. Оның бағалау өлшемдері төмендегідей: постерлік баяндаманың безендірілуі, мазмұны, ғылыми жаңалығы, жүргізілген зерттеулері, жұмыстың маңыздылығы, сұраққа жауап беруі және т.б.

Конгресс жабылатын күні постерлік баяндамалардың жеңімпаздары да басқалармен  бірге марапаттауға ұсынылады.

ISCHS 2018 Конгресске қатысу үшін өтініштерді 2018 жыл, 20 – наурызға дейін   конференция сайтына https: https://ischs.kaznmu.kz/en/ жіберулеріңізге болады.

Барлық сұрақтар бойынша Жумагул Мөлдір Жақыпжановнаға e-mail: [email protected]    байланыс телефоны – +7702-395-99-07, Нугуманова Нургуль Иманмаликовнаға [email protected], байланыс телефон  +77711910195 хабарласуларыңызға болады.

Конгресс президенті

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі, профессор Р.Т. Джумашева