Қатысушыларға қойылатын талаптар және бағалау әдістері

Постерлік баяндамаларды безендендіру ережелері

Постер көлемі: ені 50 см, биіктігі 70 см.

Постердің жоғарғы жағына жұмыстың атауы бас әріптермен,

авторлары (аты-жөні, курс, факультет, ЖОО атауы, қала, мемлекет), ғылыми жетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, кафедра, ЖОО атауы, қала, мемлекет).

Постерлік  баяндамалар мазмұнында  келесі бөлімдер көрсетілуі керек:

зерттеу мақсаты, зерттеу материалдары мен әдістері, қорытынды, тұжырым, әдебиеттер. Ғылыми жұмыстың нәтижелерінде суреттер, кестелер, сызбалар, т.б. көрсетуге болады.

Постерлік баяндамаларды   қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде  жасауға болады.

Постерлік баяндамалар ұйымдастыру комитетімен белгіленген  арнайы орындарға орналастырылады. Постерлік баяндамаларды көрсеткен кезде, қызығушылар зерттеу бойынша  нақты көбірек ақпараттар алу үшін авторлар өздерінің постерлік баяндамаларының қасында болуы қажет.