Мастер-класс

Мастер – кластың тақырыбы: «Жасанды ортада бірінші реттік жасушаны өсіру әдістері»

Студенттер, резиденттер және жас ғалымдарға арналған егеуқұйрықтың және адам ісік жасушаларының линиясын пайдала отырып, зерттеу жүргізілетін бір күндік мастер-класс.

Жасанды ортада бірінші реттік жасушаны қалай өсіреді?

Жасуша культурасын әдетте жануарлар мен өсімдіктердің жасушаларынан алып, олардың өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы, жасанды ортаға орналастырады. Жасанды ортада бірінші реттік жасушаны өсіру үшін, жасушаны ұлпадан тікелей немесе ферментативтік және механикалық дезинтеграция жолымен бөліп алуға болады.

Мастер-класс мақсаты:

Мастер-класс жасанды ортада бірінші реттік жасушаны өсіру ерекшеліктерін түсінуге арналған. Мастер-класс презентация түрінде және зертханалық жағдайда ұсынылады.

Қатысушылар бірінші реттік жасушаны өсіру әдісін қолдана отырып, жануар жасушаларын манипуляциялау бойынша тәжірибе алады.

Зертханалық зерттеулерде интеграцияланған оқыту әдістерін қолдану, дәрістік материалды бекітуге және бірінші реттік жасушаны өсіру үдерісінің биологиялық негіздерін білуді қамтамасыз етеді.

Бұл – қатысушыларға осы әдістерді зертханалық зерттеулерде пайдалануға мүмкіндік береді.

Мастер-класта келесі тақырыптар ұсынылады:

  1. Сарысу ортасын және сарысуды қолдану арқылы жасушалар мен ұлпаны өсіру.

2.Бірінші реттік жасушалық өсірумен жұмыс жасау криоконсервация және клеткалық клондау, жануардағы рекомбинантты ақуыздың экспрессиясы үшін  трансфекциялау технологияларын, жасушалардың санын, олардың өмір сүру ұзақтығын, өсу қисықтарын, адгезивтік және суспензия жасушаларының өсуін анықтау қажет

Бірінші реттік жасушалармен жұмыс істеу әдісі бойынша сарапшы, шақырылған профессор өз тәжірибесімен бөліседі.

Мастер-класс фокусы

Жасушаны өсіруге арналған негізгі әдістер.

  • Жасушаны өсіруге арналған құрал – жабдықтар, биоқауіпсіздік ережелері
  • Субкультура және жасушалық қатарды сақтау;
  • ДНҚ мен ақуызды бөлу үшін жасушалар жинағы
  • Еріту және мұздату әдістері
  • Инверттелген микроскоптың көмегімен жасушалық линияларды зерттеу
  • Қоректік ортаны дайындау
  • Клиникалық зерттеулерде жасушаны өсіру әдісін қолдану